Шымкентте орталық стадион шатырының құлауына қатысты тергеу басталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте орталық стадион шатырының құлау жайты бойынша тергеу басталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық стадиондағы шатырдың құлауы туралы хабарлама түсе салысымен оқиға орнына полицияның жедел-тергеу тобы барды. Белгілі болғандай, Павлодардың «Ақсу» - «Ордабасы» командалары арасындағы футбол матчы кезінде қатты желдің салдарынан шатыр құлаған. Оқыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Аталған жайт бойынша полицейлер ҚР ҚК 278-бабы «сапасыз құрылыс» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды» делінген ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Шымкентте футбол матчы кезінде стадионның шатыры ұшып, алаңға түскен болатын.
Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он екінші турында ауа райының қолайсыздығына байланысты екі ойын кейінге шегерілді. Шымкенттегі «Ордабасы» мен Павлодар облысының «Ақсу» клубтарының кездесуі ойын ортасынан тоқтатылды. Сондай-ақ, Түркістанда кездесу басталуына санаулы минуттар қалғанда «Тұран» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесу шегерілді.

Соңғы жаңалықтар