Шымкентте өрт шыққан үйден ер кісінің мәйіті табылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, бір пәтердің жатын бөлмесіндегі үй заттары жанып кеткен. Өрт сөндіру қызметі бөлмелерді қарау барысында ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, Қабанбай батыр көшесіндегі төрт қабатты үйден өрт шыққаны туралы хабар күндізгі сағат 12-00-дер шамасында түскен.

«Оқиға орнына 15 сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды. Өрт 12:17-де ауыздықталып, сағат 12:27-де толық сөндірілген. Оқиға орнында 1951 жылы туған ер азаматтың (мүгедек) қайтыс болғаны анықталды. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері тексеріліп жатыр»,- делінген хабарламада.

Осыған дейін Шымкентте газдан бес адам уланып, біреуі қайтыс болғандығы хабарланды.

Соңғы жаңалықтар