Шымкентте өрт шыққан көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте көпқабатты үйдің кіреберісіндегі электр қалқанынан өрт шығып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндірушілер 25 адамды сыртқа шығарып, балаларды да құтқарып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Айбергенов көшесіндегі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама кеше түнгі сағат 23:55-те түскен. Оқиға орнына жедел түрде жеке құрамның 11 өрт сөндірушісі, 3 техника шыққан.

Олар келгенше бірінші қабаттағы электр қалқаны ашық отқа оранған. Салдарынан тұрғын үйдің баспалдақ алаңдарында қалың түтін болып, электр сымы жанып кеткен.

Өрт сағат 00:11-де ауыздықталып, 00:24-де толығымен сөндірілген.

«Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеген. Департаменттің анықтау бөлімінің мамандары өрттің пайда болуының барлық жағдайларын анықтауда» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар