Шымкентте өрт шыққан көпқабатты үйден 22 адам эвакуацияланды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, төтенше жағдай орын алған. Үйдің 2,3 және 4-қабаттарында электр қорабы мен электр есептегіштер өртенген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, тілсіз жау күндізгі сағат 16:04-те 11-шағынауданда орын алған. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер 22 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады, оның ішінде 10 бала.null

«Оқиға орнына алғашқы өрт сөндірушілер 13 минут ішінде жетті. Өрт сөндіру қызметінің 14 адамнан тұратын жеке құрамы мен 4 техника жалынды сөндірді. Сондай-ақ, оқиға орнында медицина қызметкерлері жұмыс істеді. Тілсіз жау сағат 16.34-те ауыздықталып, сағат 16.39-да толық сөндірілді. Өрт сөндірушілер 1943 жылы туған ер адамды, 1983 жылы туған әйел мен 2017 жылғы бүлдіршінді құтқарып қалды» делінген хабарламада.

Тілсіз жаудан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің себептері анықталуда. null

Соңғы жаңалықтар