Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 375.95 EUR 425.80
RUB 5.74 CNY 55.94
Jańalyqtar

Шымкентте оңтүстіккореялық кәсіпкерді алдап кеткен серіктестері сотталды

2018 жылғы 6 наурыз 10:03 122
Бөлісіңіз:
 Шымкентте оңтүстіккореялық кәсіпкерді алдап кеткен серіктестері сотталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте оңтүстіккореялық кәсіпкерді алаяқтық жолмен алдаған оның бұрынғы серіктестері сотталды. Облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыларды алты жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте баласын ұрып өлтірген өгей әке 8 жылға сотталды Мүгедек қызын қорлаған ана 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Қылмыстық істі қараған судья Әбсаттар Шахидинов Оңтүстік Корея азаматы Хонг Чи Чжонды алдаған оның бұрынғы серіктестері мен аудармашысын, Шымкенттегі зауыт директорын кінәлі деп тапты.

«Нарметов Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша кінәлі деп танылып, оған 6 жыл 6 ай мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Юсупжанов осы баппен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Момынжанов  - 5 жыл 6 айға, Фарниев 5 жыл 5 айға қауіпсіздігі орта дәрежедегі түрмеге жабылды», - деді судья Әбсаттар Шахидинов.

Еске салайық, қылмыстық оқиға осыдан үш жыл бұрын болған еді. Оңтүстіккореялық инвестормен Бекзат Нарметов пен Жорабек Юсупжанов серіктес болып, бір жылда цех тұрғызған. Алайда серіктестері  Хонг Чи Чжон жұмыс бабымен Кореяға кеткен кезде, дайын өнімнен түскен табыстарын бермей қойған. Оның үстіне, зауытты өз аттарына аударып алған. Шетел азаматына қоқан-лоқы көрсетіп, біреулер арқылы қорқытқан. Ал 2017 жылдың мамыр айында кореялық азаматтың аудармашысы Бақтияр Момынжанов оған 2 адамды алып келген. Ел ішінде «Рафик Чимкентский» лақап атымен танымал Рафик Биикбаев пен оның досы Фрнеев инвесторға бұрынғы серіктестерінен ақшасын қайтаруға уәде берген. Алайда, уәделескен жерге Жорабек Юсупжанов пен камуфляж киген өзге адамдар келген, кәсіпкер әрең қашып құтылған. Тергеу кезінде мұның Хонг Чи Чжонды қорқытып, еліне кетуге мәжбүрлеу үшін ұйымдастырылған қойылым болғаны дәлелденді. Кәсіпкерге сол кездегі облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев көмектесіп, Хонг Чи Чжон полицияға арыз берген. Бұл іске  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері араласқан. Араға біршама уақыт салып, Бекзат Нарметов, Жорабек Юсупжанов, аудармашы Бақтияр Момынжанов пен  Фарниев полицияның қолына түсті. Ал,  Рафик Биикбаев Ресейде ұсталғанымен әлі Қазақстанға экстрадицияланған жоқ. 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Сот,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT