Шымкентте он үш жасар бала жанып жатқан үйден екі бүлдіршінді құтқарып қалды

None
None
ШЫМКЕНТ.ҚазАқпарат - Шымкентте он үш жасар жасөспірім жанып жатқан үйден екі бүлдіршінді құтқарып қалды. 6 және 7 жастағы бала өртке оранға үйде қалып кеткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт күндізгі сағат 16:39-да Құрсай мөлтек ауданында орын алған. Үйде үлкендердің қарауынсыз 3 бала қалған. Олардың үлкені түтінді көріп, қорыққандықтан көршілеріне көмек сұрауға барады. Себебі, ата-анасы үйден шығып кеткен. Осы кезде сол маңда тұратын 13 жастағы жасөспірім ойланбастан, екі кішкене бала қалған үйге жүгіреді. Түтінге тола үйден 2013 жылғы қыз баланы және 2015 жылы туған ұл баланы дер кезінде шығарып алған. Артынша шағын үйдің барлығы отқа оранған.

«Өрт сөндіру қызметіне қарасты №1 мамандандырылған жасақтың жеке құрамы (14 адам) оқиға орнына келіп, Жаңақұрылыс көшесі бойындағы уақытша салынған үйдегі өртті сөндіруге кірісті. Өрт 60 шаршы метрді шарпыған. Жалын 18.30-да сөндірілген» делінген ТЖД хабарламасында.

Ал, өрттен шығарылған балалар қорқып қалған. Дегенмен қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі сәтте мамандар өрттің шығу себебін анықтауда.

null

Соңғы жаңалықтар