Шымкентте оқушылар соғыс ардагерлерімен жүздесіп, Ленинград блокадасы құрбандарын еске алды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мектеп оқушылары мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ленинград блокадасы құрбандарын еске алды.

Шымкенттегі №8 гимназияның ұжымы кездесуге Ленинград блокадасының екі қатысушысын шақырды. Ол оқиғаға қатысушылардың бірі Таисия Медведева майданға соңғы мектеп кешінен кейін аттанды. Ардагер сол қиын күндерді, адамдардың аштыққа қалай төтеп беруге тырысқанын еске алды.

«Жастарымыз бақытты, олар бейбіт заманда өмір сүріп жатыр. Соғыс болмасын. Мен тек сол туралы армандаймын, және денсаулық болсын», - деді Таисия Медведева оқушылармен әңгімелесу кезінде. Оқушылар бұл кездесуге Шымкенттегі өлкетану мұражайынан блокада кезінде қайтыс болғандар жаппай жерленген Санкт-Петербордағы Пискарев қорымынан уыс топырақ салынған капсула алып келген. Шымкент гимназиясында ардагерлермен осындай кездесулер жиі өткізіліп тұрады. Мұндағылар шайқасқа қатысушылармен әңгімелесу өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухын көтеретінін айтады.

Соңғы жаңалықтар