Шымкентте облыстың даңқты спортшыларының аллеясы ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысының даңқты спортшыларының аллеясы ашылды. Қажымұқан атындағы орталық стадионның алдындағы алаңға облыстың атақты 28 спортшысының есімдері жазылған гранит тақталар орнатылды.

Қазақстан спортын дамытуға үлес қосқан даңқты спортшылардың аллеясын құру бастамасын облыс басшылығы көтерген болатын. Аллея бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Next Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаражатына салынып отыр.

«Гранит тақталарға боксшы Бекзат Саттарханов, гимнастшы қыздарымыз Нелли Ким мен Әлия Жүсіпова, балуан Бисолт Дециев сияқты танымал спортшылардың есімдері қашап жазылған. Біздің облысымызда чемпиондар көп және олардың барлығы Қазақстанның даңқын арттыруға үлес қосып отыр», - деді аллеяның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Болат Қырықбаев.

Соңғы жаңалықтар