+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Шымкентте «Nur Otan» партиясы филиалының конференциясы өтті

2019 жылғы 17 сәуір 11:59
Бөлісіңіз:
Шымкентте «Nur Otan» партиясы филиалының конференциясы өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкентте «Nur Otan» партиясы филиалының кезектен тыс ХХХVІІ конференциясы өтті. Алқалы жиынға қала басшылары мен мәслихат хатшысы, саяси кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары мен ауданнан сайланған делегаттар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференцияда қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова сөз сөйлеп, «Nur Otan» партиясының «Құтты мекен» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. Оның айтуынша, аталған жоба аясында шаһарда 6 513 пәтерлі 132 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

«Оның ішінде бюджет қаржысы есебінен 3130 пәтерлі 51 тұрғын үй бар. Биылғы жылы 898 пәтерлі 16 арендалық және 656 пәтерлі 11 кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беруге жоспарлануда (қалған 3 383 пәтерлі 81 үйдің, 1919 пәтері 49 үй жеке салушылар есебінен, ӘКК арқылы 1016 пәтерлі 24 үй, МЖӘ арқылы 448 пәтерлі 8 үй). Бүгінгі күнге 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы дайын, мамыр айында беріледі. Оның ішінде 177-і пәтері көпбалалы аналарға беріледі. Нәтижесінде биылғы жылы 1368 әлеуметтік жағынан әлсіз санаттағы және жас отбасылар (342 пәтер) баспаналы болады»,- деді Гүлжан Құрманбекова. Қала әкімінің орынбасары сондай-ақ партиялықтарға «Nur Otan» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның 18 съезінде берген тапсырмалары- «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы» жобаларды жүзеге асыру барысы туралы есеп берді.


null

«Бақытты отбасы» жобасы аясында қаламызда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің өзгеруіне байланысты, қаламызда көмек алушылар саны 10 мыңнан 20 мың отбасынан асады деп күтілуде. 1-ші сәуірден бастап бүгінгі күнге 32 559 азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 17 582 отбасының өтініші тіркелді. Сондай-ақ, қала тұрғындарының әлеуметтік картасын жасақтау жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күнге «е-Халық» ақпараттық жүйесіне 21 081 отбасы (75 725 адам) енді. Халықты әуре-сарсаңға салмай ыңғайлы қызмет көрсету үшін аудан әкімдіктерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында барлығы 9 жерде жұмыспен қамту орталығының бөлімшелері ашылды. Ол жерлерде халықты қабылдауға тиісті жағдайлар жасалды, атап айтқанда: көп балалы аналарға психологиялық және құқықтық, тұрғын үй және әлеуметтік төлемдер бойынша қызмет көрсетіледі», - деді Гүлжан Құрманбекова.

Конференцияда бұдан өзге зейнеткер, партия ардагері Валерий Гордиенко мен Шымкент қаласы № 49 жалпы орта мектебінің директоры, көпбалалы ана Сәуле Өтебаева, Шымкент қалалық №17 футболдан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ермек Дәрменовтар да сөз сөйлеп, өз пікірлерін ортаға салды. Партиялық жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстарын айтып өтті.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Nur Otan партиясы, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT