+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Шымкентте нөсер жауыннан көшелерді су басып қалды

2018 жылғы 28 қазан 16:40
Бөлісіңіз:
Шымкентте нөсер жауыннан көшелерді су басып қалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте кеше түннен бері нөсер жауын жауып, көшелерді су басып қалды. Қаланың Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен коммуналдық қызметінің жұмысшылары бірлесіп, көшелердегі суды сору жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңбыр салдарын жою барысында барлығы 10 тонна су сорып алынды.

«Солтүстік-Батыс», «Қазғұрт» мөлтек аудандарында,, Өтегенов-Ерулік көшелерінің қиылысында, Гагарин көшесінде су сору жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Дулати мен Чайковский көшесіндегі үйлерге де су жиналғаны анықталды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Қазгидромет» филиалының синоптиктері 28 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын, тұман күтілетіні туралы дауылды алдын алу ескерту жолдаған. Сонымен қатар, 27 қазанда күндіз, 28 қазанда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-батыс, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел тұрып, екпіні 23-28 м/с дейін күшейетіні ескертілген.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT