Шымкентте нөсер жаңбырдан кейін көшелерді су басты
2022 жылғы 19 қаңтар 13:11

Шымкентте нөсер жаңбырдан кейін көшелерді су басты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Қатты нөсердің салдарынан Шымкент көшелерін су басып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Мамандар жаңбыр салдарынан көшелерге жинақталған суды шығару жұмыстарын үйлестіріп отыр.

Бұл жұмыстарға өрт сөндіру бөлімшелерінің мобильді топтары да атсалысуда.

Гарнизон бойынша кезекшілікке жеке құрамның 146 қызметкері, 43 техника жұмылдырылды.

Таңертеңгі сағат 08:30-дан бері 57 қызметкер 26 мотопомпамен жұмыс істеп жатыр.

Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Абай аудандарында жаңбыр суы тартылуда.

Қазіргі уақытта 6 учаскеде жұмыс аяқталды, ол жерлерден шамамен 100 текше метр су сорылды.



Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT