Шымкентте Наурыз мейрамы 9 күн тойланады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «Қош келдің, Наурыз!» керуені жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әз-Наурыз мерекесі Шымкенттен бастау алды. Наурыз айында өтетін мерекелік іс-шараларды халыққа хабарлап, құлағдар ету мақсатында «Қош келдің, Наурыз» керуені бүгін қала көшелерін аралады.

Астана даңғылы алаңынан жолға шыққан керуен қала тұрғындары мен қонақтарын мерекелік іс-шара қай уақыттарда болатындығын хабардар ету үшін қала орталықтары арқылы жүріп өтті.

Қыдыр ата бастаған топ қаланың әр тарапында хабарландыру айтып, көпшілікті Наурыз мерекесін қызықты атап өтуге шақырды. Керуенге кездескен әр адамға жарнама-афишалар арқылы мерекелік іс-шаралар өтетін жерлердің мекен-жайы берілді.

Биыл Шымкентте наурызнама дәстүрін заманауи үлгіде жаңартылып, тоғыз күн түрлі атаумен мерекеленеді. Әр күн өзіндік сипаты, өзіндік ерекшеліктермен ұйымдастырылмақ.

Атап айтқанда наурыз айының 13-ші жұлдызында Қошқар ата өзенінің бойында «Көктем мерекесі» бастау алады. Одан әрі «Көрісу күн», «Жайлау күні», «Шежіре күні», «Тарихқа тағзым күні», «Игі істер», «Шымырлық пен шеберлік», «Зияткерлік күні» болып жалғаспақ. Іс-шаралара ясында «Ұлттық тағамдар», «Nauryz Fashion Day» және «Гастроном Fest» фестивалі ұйымдастырылады.

22 наурызда «Ұлыстың ұлы күні Наурыз», «Наурыз Шымқалада» атты іс-шаралар өтеді деп жоспарланып отыр. Ал, атаулы күндер 23 наурызда «Жоралғы күнімен» аяқталады.


Соңғы жаңалықтар