+7 (701) 759 90 19
USD 421.98 EUR 511.61
RUB 5.61 CNY 65.27
Jańalyqtar

Шымкентте мұғалімдер мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізген – министрлік

2020 жылғы 27 қараша 21:23
Бөлісіңіз:
Шымкентте мұғалімдер мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізген – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласындағы №125 мектеп мұғалімдері мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізіп, міндетті тізбеде жоқ құжаттарды толтырған. Бұл туралы ҚазАқпарат Білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта білім беру мектебінде мұғалімдерден келіп түскен шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Жоспардан тыс тексеру барысында өтініште көрсетілген фактілер ішінара расталды.

«Тексеру барысында мектеп әкімшілігі тарапынан «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заң талаптары бұзылғаны анықталды. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыс түрлеріне тартылған. Мәселен, 2019-2020 оқу жылының соңында Шымкент қаласындағы №125 мектеп мұғалімдері мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізіп, міндетті тізбеде жоқ құжаттарды толтырған. Одан бөлек, мектеп әкімшілігі ұстаздарды газеттер мен журналдарға жазылуға мәжбүрлеген», - делінген министрлік хабарламасында.

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің өңірлік департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша №125 жалпы орта білім беру мектебінің лауазымды тұлғалары заңнаманың бұзылуына жол бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT