Шымкентте МКД қызметкері ойынхана ұйымдастырғандарға «қамқорлық» жасаған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Мемлекеттік кірістер департаментінің аға офицері ойынхана ұйымдастырғандарға «қамқорлық» жасап келген. Мұндай заңбұзушылықты департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ішкі қауіпсіздік басқармасы Шымкент қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша Г.Қоңырбеков, А.Бегалиева және Л.Рахматуллиналар күдікті деп танылған.  Алайда 2015-2016 жылдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалар өздерінің қылмысын жасыру үшін аталған қылмыс бойынша кінәні В.Гейгер және Р.Игамбердиев есімді азаматтарға  мойындатқан. Олар тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталғандығы анықталды.

Артынша қылмыстық іс материалы сотта қаралып, нәтижесінде күдіктілер Е.Қоңырбеков, А.Бегалиева және Л.Рахматуллиналар сотталды. Ал, кінәсіз сотталғандарға  қатысты сот үкімдерінің күші жойылды. Тергеу кезінде аталған департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің аға офицері М.Асқарұлы негізгі ойынхана ұйымдастырушылардың  қылмыстық әрекеттеріне «қамқорлық» жасап келгені белгілі болды. Ол қылмыстық іс материалдары бойынша дәлелдемелерді бұрмалау фактісі бойынша кінәсін мойындаған. Нәтижесінде Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне қатысты 3 жылға бостандығын шектеу туралы үкім шығарылды. 

Соңғы жаңалықтар