Шымкентте «Мерседес» қағып кеткен бала жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 12 жасар баланы көлік қағып кетті. Қазір ауыр жарақат алған жеткіншек облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 11-ші маусым күні Арғынбеков пен Жібек жолы көшелерінің қиылысында орын алған болатын. «Мерседес» көлігі жолда ойнап жүрген баланы қағып кеткен. Қазір бұл оқиға бойынша өңірдің ІІД анықтау шараларын жүргізуде.

«Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Анықтау басқармасымен жаяу жүргіншіні қағып кетуге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

11 маусымда Шымкент қаласындағы көшелердің бірінде «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі кәмелет жасқа толмаған баланы қағып кетті. ЖКО нәтижесінде әртүрлі дене жарақатын алған бала жансақтау бөліміне жеткізілді.

Жаяу жүргіншіні қағып кету жайты бойынша ҚР ҚК-нің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен ІІД сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізушіге қатысты мәжбүрлі түрде келу туралы процессуалдық міндеттеме алынды. Сараптамалар тағайындалды, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады» делінген Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар