Шымкентте мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Жолдауындағы тапсырма аясында ұйымдастырылған шарада көпшілікті әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй құжатын рәсімдеу, операция жасату үшін квота алу және балабақша кезегі секілді электронды қызмет түрлері қызықтырды.

Қала әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері департаменті ұйымдастырған жәрмеңкеге қалалық сәулет және қала құрылысын бақылау, жер қатынастары, денсаулық сақтау, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармалардың қызметкерлері қатысты.

Шара барысында әкімдікке қарасты басқармалардың мамандары жергілікті халыққа түрлі мекемелерде көрсетілетін қызметтер туралы түсіндіріп, жан-жақты кеңес берді.Ал, тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің өкілдері депозит ашып, қаржы жинақтау туралы ақпарат берді.

«Жәрмеңкеге келіп, өзіме қажет анықтамаларды алдым. Енді мемлекеттік мекемелерге арнайы барып, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Осындай халыққа тиімді шаралар жиі өтіп тұрса деген тілегім бар»,- дейді жәрмеңкеге келген қала тұрғыны.

Соңғы жаңалықтар