Шымкентте мектептің бұрынғы директорына алаяқтық жасады деген айып тағылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы Білім басқармасы №49 орта мектептің бұрынғы директорына алаяқтық жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

«Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алаяқтық жасады деген күдікпен қалалық білім басқармасы №49 орта мектебінің бұрынғы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол қала азаматынан математика мұғалімі ретінде мектепке жұмысқа орналасуына көмектесемін дегенді желеу етіп, алдау жолымен 500 мың теңге сомасында ақша алды деп күдіктеледі, ал ол іс жүзінде сол кезеңде мектеп директоры болып табылмаған және осы мәселені шешуге уәкілеттілігі де болмаған» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Соңғы жаңалықтар