Шымкентте мектеп оқушылары уланып қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте мектеп оқушылары белгісіз иістен уланып қалды. Соның салдарынан 37 оқушы мен 1 мұғалім және 1 еден жуушы жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық білім бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай Ынтымақ ақшам ауданындағы N54 мектепте болған.

«Күндізгі сағат 16:53-тер шамасында №54 мектепте 25 адам белгісіз иістен уланып қалған. Балалардың басы айналған. Оқу орнында негізінен екінші ауысымдағы 4-7 сынып оқушылары болған. Оқиға орнына ТЖД басшылық құрамы мен «ИнтерГазОрталықАзия» мекемесінің арнайы бригадасы, СЭС, «КазГидроМедцентр» мамандары келді. Мектеп ғимаратынан 100-ге тарта ұстаз бен техникалық қызметкерлер, 877 оқушы сыртқа шығарылып, сабақ тоқтатылды. Жауапты мамандар оқиға орнында иісті тексеріп, ғимаратты толықтай қарап шыққан. Нәтижесінде газдың немесе басқа да заттың иісі анықталмаған. Мамандар сырттағы ауада иістің болуы мүмкін деген қортынды жасаған. Өйткені мектептің жылуы тоқтатылған. Ал, сыныптардағы терезелер ашық болған» делінген хабарламада.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше токсикологиялық орталыққа барлығы 39 адам түскен. Олардың екеуі ғана ересектер. Дәрігерлік тексеруден кейін 34 оқушы үйіне қайтарылған. Денсаулығына шағымданған оқушылар ауруханаға әлі де келіп жатыр. Қазір иістің қайдан шыққаны жан-жақты тексеріліп жатыр.

Осы уақытта төтенше жағдай қызметінің өкілдері үйлерді аралап, иістен уланғандар бар-жоғын тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар