Шымкентте мектеп мұғалімінің қайтыс болуына байланысты іс қозғалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Облыстық ішкі істер департаменті таратқан мәліметке сәйкес мұғалім мектептегі дәнекерлеу жұмыстары кезінде орын алған жарылыстан қаза тапқан, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Осы іске қатысты мәліметтер бойынша, мұғалім арқа тұсынан терең жарақаттар алып, жедел жәрдем ауруханасына түскен. Ол есін жимаған күйі жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Бүгін туыстары марқұмды жерлеу рәсімін ұйымдастырды.

Қазір осы дерек бойынша Абай аудандық ІІБ тарапынан «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» бабының 3 бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.

Еске салайық, кеше Шымкенттегі №4 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қайтыс болған еді. Облыстық ТЖД басшылығы оның мектеп ғимаратында газ-дәнекерлеру жұмыстары кезінде ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар