Шымкентте мектеп құрылысы кезінде мердігер 5,5 млн теңгені жымқырған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі мектеп құрылысы кезіндегі қаражатты жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент қаласы бойынша агенттіктің аумақтық департаменті Жұлдыз тұрғын алабында орта мектеп салуға бөлінген 5,5 млн теңгені жымқыру дерегін анықтады.

Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша жаңа оқу жылына дайындық мақсатында білім мекемелерінде құрылыс және жөндеу жұмысы белсенді жүріп жатыр.

Айта кету керек, бұл мақсаттарға бюджеттен айтарлықтай қаржы бөлінеді, оның көлемі жыл сайын артып келеді.

Ал білім нысандары адал емес мердігерлер үшін «қаражат көзі» болып табылады.

Тергеу барысында кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтермен есеп ұсынғаны белгілі болды.

Сот құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес мемлекетке келтірілген залал сомасы шамамен 5,5 млн теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарын жүргізген жосықсыз кәсіпкер кінәсін толық мойындап, келтірілген шығын сомасын өтеді.


Соңғы жаңалықтар