+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Шымкентте мектеп директоры қызметкерлерінен пара алды деп айыпталып отыр

2020 жылғы 30 қазан 19:51
Бөлісіңіз:
Шымкентте мектеп директоры қызметкерлерінен пара алды деп айыпталып отыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің 9 айда атқарған жұмысының нәтижесі бойынша брифинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шара барысында департамент басшысы Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 49 тұлға әшкереленгенін атап өтті. Сотталғандар – 36.

Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының айтуынша, параны жауапкершілікке тартпау, жұмысқа орналастыру, қызмет бойынша жалпы қамқорлығы, рұқсат құжаттарын бергені үшін алуда.

Мәселен, ағымдағы жылы Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы әшкереленді. Ол оң сот шешімін шығару бойынша пара алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотта тексеруші-мемлекеттік аудитор лауазымына тағайындау үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында заңсыз сыйақы алды деген күдікпен қалалық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысына қатысты қылмыстық іс қаралуда.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан білім жүйесінде сыбайлас жемқорлық фактілері орын алуда. Екі жалпы орта мектеп директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мәселен, департамент №34 орта мектеп директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Ол қамқорлығы үшін өз қарамағындағы қызметкерлерден бірнеше рет пара алған және жымқырған деп күдіктелуде.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің қатысуымен бірқатар парақорлық фактілері анықталып, 10 тәртіп сақшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT