Шымкентте мектеп бітіруші түлек менингиттен қөз жұмды деп күдіктелуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте мектеп бітіруші түлек қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына таңға жақын дене қызуымен түсіп, бір сағатқа жетпес уақытта көз жұмды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

«15 маусымда сағат 06.25-те Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында «Болжамды менингит инфекциясы» диагнозымен 2000 жылғы науқас жансақтау бөліміне түсіп, сағат 07:05-те қайтыс болды. Науқасқа қойылған «Болжамды менингит инфекциясы» диагнозы негізінде алынған зертханалық материалдар зерттеліп, қорытынды диагноз қойылатын болады», делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының таратқан баспасөз хабарламасында.

Әзірге белгілісі, бақилық болған түлек қаладағы №9 мектеп лицейінде оқыған. Ол бүгін мектепті бітіргені жөнінде аттестат алуы керек болған.

Айта кетейік, өңірде биыл менингитті 4 адам жұқтырып, екі бала қайтыс болған еді. 

Соңғы жаңалықтар