Шымкентте мектеп аумағында жалаңаш жүрген тұрғын ауруханаға жатқызылды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат –Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары мектеп аумағында жалаңаш жүрген ер адамды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық орында киімсіз жүрген ер адам Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Полиция қызметкерлері оның психоневрологиялық диспансерде есепте тұратынын анықтады.

«Пациент бір ай бұрын ауруханадан шығарылған екен. Бүгін қайтадан ауруханаға жатқызылды», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар