Шымкентте медициналық тауарларды заңсыз сату фактісі анықталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте төтенше жағдай кезінде медициналық бетперделер мен дезинфекциялық құралдарды заңсыз сату фактісі тіркелді.

Аталған заңбұзушылықтарды Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні 8 заңсыз медициналық тауарларды сату фактісі анықталды. Бағасы 8 млн теңгені құрайтын 32 мың дана бетперде мен жалпы сомасы 225 мың теңге болатын 1 730 литр антисептикалық заттар және құны 740 мың теңгелік 20 мың дана медициналық қолғаптар тәркіленді. Аталған деректер бойынша, ҚР Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы Кодексінің 463 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, іс сот органдарында қаралуда» деліген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар