Шымкентте медицина қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіліп, 9 дәрігерге пәтер кілті табысталды. Салтанатты жиынға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, медициналық ұйымдардың қызметкерлері мен ардагер-дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шаһар басшысы медициналық мекемелерде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды сөз етті.
«Елбасы тапсырмасына сәйкес, 1 маусымнан бастап дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға көтерілді. №2 қалалық аурухана мен қалалық перзентхана күрделі жөндеуден өтуде. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 8 емхана салынбақ. Бұл бағытта инвесторлармен келіссөз жүргізілді. Шымкентте бұған қоса жаңа 1200 орындық көпсалалы аурухана салынады. Дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын көтеру бойынша тұрғын үймен қамту мәселесі шешіледі. Күз айында стансалар 100 жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етіледі», - деді Ғабидолла Әбдірахымов.
Салтанатты шара барысында қаладағы медициналық ұйымдарда еңбек ететін 30-дан аса қызметкер Денсаулық сақтау министрінің марапатына ие болды.
Айта кетейік, қазір шымшаһарда 36 мемлекеттік, 69 жекеменшік медициналық ұйым бар. Онда 12 мыңнан астам қызметкер еңбек етіп жүр.
- Шымкентте екі жасөспірімді көлік қағып, біреуі көз жұмды
- МӘМС: Қараша айында қорға 9,7 млрд теңге жарна түсті
- Пәтер кезегінен шығарылған жалғызбасты ана елордалық басқарманы сотқа берді
- Алматыда онкологтар америкалық технологияны қолданып 5 күрделі ота жасады
-
Елорданың әрбір бесінші тұрғыны баспана алуды жоспарлауда
-
Алматыда жаппай менингит тарағаны туралы ақпарат жалған – әкімдік
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам