+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Шымкентте мас адам екі баласын газ баллонмен жармақ болған

2020 жылғы 17 қазан 20:50
Бөлісіңіз:
Шымкентте мас адам екі баласын газ баллонмен жармақ болған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ішімдік ішкен ер адам екі баласын бөлмеге қамапа, газ баллонын жарып жібермек болған. Мұндай қадамға ол отбасындағы кикілжіңнен кейін барғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай полицейлері анасымен ұрсып қалып, газға уланып өлмек болған әйелді құтқарды

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай бүгін күндіз сағат 15.45-те болған. Учаскелік полицияның «101» пультіне Еңбекші ауданының Айнатас тұрғын үй алабының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін хабарлаған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілері 42 жастағы үй иесінің мас күйде суицид жасамақ болғанын анықтаған. Ол отбасылық жанжалдан кейін 50 литр газ баллонын ашып, 4 және 8 жастағы екі баланы бөлмеге қалдырған. Кез-келген минутта жарылыс болу қауіпі туған. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам мен апаттар медицинасы орталығы филиалының арнайы бригадасы тартылған.

Жағдайдың барлық қауіптілігін түсіне отырып, №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Ербол Небесаев пен аға өрт сөндіруші азаматтық қорғау сержанты А.Юлдашев жедел әрекет еткен. Ол өзге қызметкерлермен бірге бөлмеге жүгіріп кіріп, газ баллонының кранын жапқан. Баллонды далаға шығарып, балаларды қауіпсіз жерге эвакуациялаған.

«Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы балалардың жағдайын қарап шығып, медициналық көмек қажет еместігін анықтаған. Олар анасымен бірге үйінде қалды. Ал, үй иесін Еңбекші ауданының полиция қызметкерлері алып кетті» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT