+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкентте марганцовка ішіп қойған 3 жасар бүлдіршінді дәрігерлер аман алып қалды

2020 жылғы 13 тамыз 02:07
Бөлісіңіз:
Шымкентте марганцовка ішіп қойған 3 жасар бүлдіршінді дәрігерлер аман алып қалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте марганцовка ішіп қойған 3 жасар бүлдіршінді дәрігерлер аман алып қалды.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан 5 адам қайтыс болды Қазақстанда осы уақытта 3690 адам коронавирустан емделіп жатыр Қазақстанда өткен тәулікте 55 адам коронавирустан жазылып шықты

Химиялық сұйықтық ішіп қойған бала бес күн бұрын ауыр халде Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анасының сөзінше, балақай үйде ойнап жүріп, құтыдағы марганцовканы ішіп қойған. Оның ауыз қуысы толықтай күйіп, дәрігерлер шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызған. Науқасқа тез арада реанимациялық көмек көрсетілді. Мамандардың айтуынша, улы сұйықтық ішіп қойған бала ауыр дәрежедегі токсикалық әсер алған. Жансақтау бөлімінде көрсетілген үздіксіз емнің арқасында бүлдіршіннің жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды. Қазір кішкентай бүлдіршін токсикологиялық бөлімшеде ем қабылдауда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT