Шымкентте мал бағып жүрген жасөспірімге оқ атылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жасөспірімге оқ атқан тұрғын қамауға алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірдің полицейлері хабарлағандай, қазір ұсталған күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

«Шымкент қаласында  жасөспірімнің  аяқ тұсынан оқ жарақаттарын алғаны туралы  жайт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің «бұзақылық» бабымен тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.  Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шымкентте мал бағып жүрген жасөспірімді бір тұрғын бірнеше рет атқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерге тарап кеткен болатын. Бірнеше жерінен оқ жарақатын алған бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. 

Соңғы жаңалықтар