Шымкентте мақта өңдейтін цех өртеніп кетті

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Өрт бір қабатты ғимаратты түгелге жуық шарпыған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әл-Фараби ауданы Орманов көшесі бойында орналасқан «Казахское общество слепых» қоғамдық бірлестігінің Шымкент оқу-өндірістік кәсіпорнына қарасты бір қабатты ғимараттағы мақта және ағаш сөрелері жанған. Ал, мақтаның қалдықтары ғимарат ішінде күйіп кетпеуі үшін көшеге шығарылған.

«Өрт сағат 16:26-да оқшауланып, сағат 17-12-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру технкиасы, жеке құрамнан 53 адам, Аппаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері жұмылдырылды», - делінген Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар