Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Шымкентте ЛРТ және БРТ салынады

2022 жылғы 1 шілде 13:20

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің бас жоспарына ЛРТ және БРТ құрылысы енгізіліп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласы Бас жоспарының 2012 жылдан бері өзгермегендігін айтқан қала әкімі жаңа өзгеріс жасалып жатқандығын жеткізді.

«Біздің қаланың бас жоспары 2012 жылы бекітілген. Ол кезде облыстық қала болды. Бүгін республикалық қала. Халықтың саны 500 болса, қазір 1 млн-нан асып кетті. Сол үшін халықтың өсу динамикасына байланысты өзгерістер енгізіліп жатыр», - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, М.Әйтенов жаңа бас жоспарға ЛРТ және БРТ құрылысы енгізіліп отырғандығын жеткізді.

«Өткен аптадан бастап 1 айға дейін қала тұрғындарының ұсынысын қабылдау басталды. Сол жерде ЛРТ мен БРТ салу туралы ұсыныстар келіп жатыр. Эсперттердің ұсынысымен миллиондық қалаға 6 алтернативті транспорт керек. БРТ-ны арнайы жолмен қолдануға болады. ЛРТ жүйесі шеңбер болып сызылып жатыр. Оны іске қосу барысын үкіметпен ақылдасып жүргіземіз. Үлкен жобаларды инвесторлармен бірге енгізетін боламыз» - деді ол.


Фото: ortcom.kz



Автор:

Қайрат Зайнишев

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары