Шымкентте лауазымын асыра пайдаланған 7 полицей жұмыстан босатылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте полиция департаменті бастығының бұйрығымен наркобизнеспен күрес бөлімінің бастығы мен алты қызметкері қызметінен босатылған. Оған Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, бұл полицейлер лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған.

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысымен лауазымын асыра пайдаланған бірқатар қызметкер жұмыстан қуылды. Атап айтқанда қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының наркобизнеспен күрес бөлімінің бастығы, полиция полковнигі М. Мейірбеков, жедел уәкіл, полиция подполковнигі Н. Нарбаев, полиция майорлары К.Тойымбетов, К.Нұрғали, Е.Тоқмағанбетов, полиция капитандары К. Ергешбеков, Ж.Ханазаров қызметінен босатылды» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар