Шымкентте «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері тұрады

None
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Шымкенттік майдангер Абылай Қазыбаев екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған. Соғыс даласында жүріп Отан қорғау ісіндегі ерлігі мен батылдығы үшін «Қызыл жұлдыз» орденін иеленген.

«17 жасымда әскерге аттандым. Зеңбірекшілер тобында жүріп, неміс танкісіне қарсы тұрдық. От пен оттың ортасында ел қорғадық. Әлемде соғыс болмасын. Бүгінгі ұрпақ соғыс деген сөзді естімемін»-дейді ардагер.

Жеңіс жеңімпазы 1925 жылы шілде айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қайнарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, Ташкент қаласында әскери дайындықтан өтті. 219-ші двизияның 2-ші гвардиялық-полкінде болған және Харьков, Ворошилов Украина майданында Свеостопельде, 3-ші Беларусь майданында, Латвия, Литва Кеннисбергдегі шайқастарға қатысты. 1946-1950 жылдары Пушкин, Ленинград, Москва, Немецко-Советскиді минадан тазартушы сарбаздар сапында болды.

1945 жылы 1 мамырда Кинизбург қаласын азат етті. Ал, елге 1950 жылдың сәуір айында оралды.

Соғыс кезінде «Қызыл Жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы», кейін «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Жауынгерлік қызметі үшін» және басқа көптеген медальдармен марапатталды.

Бүгінде ұл-қыздарынан өрбіген немере, шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешіп келеді.


Соңғы жаңалықтар