Шымкентте қызметін өтеу кезінде қаза тапқан құтқарушыларға ескерткіш ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкентте Құтқарушылар күні  мерекесіне орай қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға ескерткіш ашылды. Даңқ гүлзарында өткен салтанатты шараға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласы ТЖ департаментінің басшылығы мен ардагерлер кеңесінің мүшелері, қаза болған батырлардың туыстары мен жеке құрам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ескерткіштің ашылу салтанатына келгендер қаза тапқан өрт сөндірушілерді бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды. Олар ескерткіш ұрпақ сабақтастығының және өрт сөндірушілердің күнделікті ерлігінің символына айналатынын атап өтті. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қаза тапқан батырлардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, ескерткіштің ашылуына үлес қосқандарға алғысын білдірді.null 

«Бүгін біз батыл адамдарға, ауыр, бірақ қажетті жұмысқа шын берілген қаһарман азаматтарға құрмет көрсетеміз. Бүгінде жанымызда жоқ батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Олар біздің жүрегімізде мәңгі қалады», - деді Юрий Ильин.

Айта кетейік, соңғы 23 жыл ішінде өңірде 4 өрт сөндіруші мен құтқарушы қаза тапқан. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлер ұйымы қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан азаматтарға ескерткіш орнату жөнінде қала әкіміне ұсыныс жасаған болатын. Өз кезегінде қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов бұл идеяны қолдап, ескерткіш монументін орнату үшін жер телімін бөлуге көмек көрсетті. null 

null 

Соңғы жаңалықтар