Шымкентте қызғалдақ гүлдеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қаланың символы саналатын қызғалдақ гүлдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала көшелері мен саябақтарында шамамен 1 млн 114 мың қызғалдақ гүлі ашылды. Олардың басым көпшілігі голландиялық сары, қызыл, көк, қызғылт сары, күлгін түсті гүлдер.

Қаланы абаттандырушы мамандардың айтуынша, гүлдер сәулеткерлер мен суретшілердің салған эскиздеріне сай отырғызылған.
null

Қызғалдақ гүлі бір айдай ашылып тұрады. Сосын оның баданшасын теріп алып, келер маусымда егу үшін сақтап қояды, ал гүлзарлар қызғалдақтың орнына жазғы гүлдермен көмкеріледі.

null null

Соңғы жаңалықтар