Шымкентте Қырғызстан жастарына сот жүйесіндегі жаңалықтар таныстырылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы Е.Рахманберді Шымкент университетіне тәжірибе алмасу үшін келген Қырғызстан Республикасының «Құқықтану» мамандығының студенттерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде сот төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының «7 түйін» бағдарламасында көзделген сот жүйесіне қойылған міндеттер мен мақсаттардың соттарда жүзеге асырылу жағдайына тоқталып өтті. Жаңа жүйедегі талап қою арыздарын электронды түрде беру мен сот актілерін электронды түрде алу, кез келген жерден сот мәжілісіне смартфон арқылы қатысу, сот істерінің өту кестесімен электронды түрде танысу және басқа да жаңа технологиялар мүмкіндіктерін атап өтті. Кездесуге келген жастар қолданыстағы сот жүйесінің заманауи жұмыс форматымен танысып, жаңа электрондық сервистер туралы ақпарат алды. Олар сот мәжілісі залында болып, «Виртуалды сот» процесінің өткізілуін қарады. «Сот кабинеті» сервистерінде, «Сот актілерінің дерекқоры» порталында жұмыс істеу барысымен танысты. Өз кезегінде, Қырғызстан Республикасының студенттері сот төрағасына Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің жұмысына және сот жүйесіндегі жаңа өзгерістерге қатысты көптеген сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, сот төрағасының төрағалық етуімен өткізілген қылмыстық іс бойынша сот отырысына қатысты. Іс-шараға қатысушылар сот төрағасына алғысын айтып, кездесудің қызықты әрі әсерлі болғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар