Шымкентте қылмыстық істі тоқтатпақ болған тергеуші мен адвокат жазаланды
Данияр Бекайдаровтың айтуынша, 2019 жылдың қараша айында Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеуші мен адвокатқа қатысты істі сотқа жолдаған. Нақтырақ айтқанда, қалалық полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасының тергеушісі І. Төребай және қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Н. Елгонов парақорлық фактілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
«Тергеуші адвокат Елгонов арқылы зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін жалпы сомасы 440 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген», - деді Данияр Бекайдаров.
Оның айтуынша, Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен І. Төребай 13 200 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеліп отыр. Ал осы сот Елгоновты делдалдығы үшін кінәлі деп танып, оған 4 400 000 теңге айыппұл салды.
Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.