Шымкентте құрылыс материалдарын ұрлаған күдікті ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте құрылыс материалдарын ұрлауды кәсіп еткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, сезіктіні ұстауға жергілікті тұрғынның арызы негізі болған. Ол арызында бітпеген үйінің ауласынан белгісіз біреулер шамамен жарты миллион теңгенің құрылыс материалдарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Осы жәйттен кейін Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында осы қылмысқа қатысы бар деген ер адамды ұстады. Тергеу нәтижесінде сезіктінің осыған ұқсас тағы екі адамның мүлкін ұрлау жайтына қатысы бары анықталды. Ал, келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгеден астам соманы құрап отыр.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа қылмыстарға  қатысы бар жоғын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар