Шымкентте құрылыс материалдарын сататын бірнеше дүңгіршек өртеніп кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте құрылыс материалдарын сататын 9 дүңгіршек өртеніп кетті. Жалын тілі 150 текше метр ағаш материалдарын да шарпыған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 мамыр күні кешкі сағат 21:38-де Шымкент қаласы ТЖ департаментінің шұғыл кезекшілердің басқару пультіне Абай ауданы Водопьянов көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер «Сайдығани» ЖК сауда қатарының аумағында құрылыс материалдары жанғанын анықтады. Олар сондай-ақ 5 жеңіл көлікті қауіпсіз жерге шығарды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 65 қызметкері және 20 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы, 1 Жедел медициналық көмек бригадасы, электр желісінің авариялық қызметі жұмылдырылған. Өрт сөндіру бөлімшелерінің нақты және жедел іс-қимылдары өрттің жақын орналасқан сауда дүңгіршектері мен қойма үй-жайларына таралуына жол берілмеген.

«Өрттің жалпы ауданы 290 шаршы метрді құраған. Тілсіз жау түнгі сағат 22:47 оқшауланып, сағат 23:23-те толық сөндірілді. Өрттің шығу себептері мен материалдық залалдың мөлшері анықталуда. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар