Шымкентте құны $1,5 млн. тұратын күн электр стансасы іске қосылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте құны $1,5 млн. құрайтын күн электр стансасы іске қосылды.

Стансаның қуаттылығы - 1 мВт, ол су жинақтау тоғанында орнатылды. Электр стансасының шығаратын қуатының 60 пайызы тоғанның қажеттілігіне жұмсалады.

«Қалған 40 пайызын біз ақысыз түрде қалалық желілерге береміз. Станса екі гектар аумақта орналасқан, оның орнатылуын 4 адам басқара алады», - дейді «Су ресурстары маркетингі» ЖШС-нің бас директоры Анарбек Орман. Компанияның қалалық тазарту құрылғыларында орнатылған қуаттылығы 1 мВт тағы бір күн электр стансасы бар. Екінші станса тазалау құрылғыларына қажетті электр энергиясының барлық көлемін өтейді. Жобаның екеуі де «Жасыл экономика» бағдарламасының аясында іске қосылды. Бұл бағытта шымкенттік су арнасының жұмыс істеп жүргеніне он жыл болды. Осы кезеңде электр энергиясын пайдалануды он есеге қысқарту мүмкін болды, дейді ұйымда. «Егер 1998 жылы сумен жабдықтау және кәріз жүйесін ұстауға жылына 70 млн кВт жұмсасақ, соңғы он жылда инвестициялық бағдарламаларды орындау, алдыңғы қатарлы технологияларды сумен жабдықтау жүйесіне енгізудің арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізе алдық. Қазіргі кезде жылына 5 млн кВт жұмсаудамыз», - деп хабарлады Анарбек Орман.

Соңғы жаңалықтар