Шымкентте құқықбұзушылық әрекетін жасаған 93 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте құқықбұзушылық әрекетін жасаған 93 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді. Ата-ананың қадағалауынсыз жүрген 20 жеткіншек кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ХАА тілшісі.

Жергілікті полиция қызметі ұйымдастырған «Қаңғыбас» жедел алдын алу іс-шарасы барысында сондай-ақ  полицейлер заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүру жайтына байланысты 70 әкімшілік хаттама түзген. 4 бала қоғамдық орындарда масаң халде жүргені анықталып, 7 жасөспірім белгіленбеген орында темекі шеккені үшін жазаланды. Жедел шарада балаларын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамаған 13 ата-ана түсініктеме жазып, құқықбұзушылыққа бейім жасөспірімдер  есепке алынды. 

Тәртіп сақшылары бұдан  өзге түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарында жасөспірімдердің жүруін, қолайсыз отбасыларын тексерді. Кәмелет жасқа толмағандарға Шымкент ҚІІБ-ның уақытша ұстау оқшаулағышына экскурсия ұйымдастырды. Іс-шараға полицейлерден өзге прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау, ата-аналар комитеті және қоғамдық өкілдер жұмылдырылды.

Аталған шара барысында Шымкент қаласы аумағында ювеналды полиция қызметкерлері 15 білім беру мекемесінде мектеп және колледж студенттерінің қатысуымен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушлықтың алдын алу мақсатында құқықтық тақырыптарда оқу дәрістері мен дөңгелек үстелдер өткізді. «Күйреу терапиясы» аясында 30 тәртібі қиын есебінде тұратын жасөспірімге Шымкент ҚІІБ уақытша ұстау оқшаулағышы  ішкі жұмысының тәртібімен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары мұндай алдын алу іс-шаралар қылмысты болдырмау мен азайтудың тиімді үлгісі деп есептейді.

Полицейлер жасөспірімдердің өз көзімен көріп, түсінуі болашақта заңдылықты бұзбай жүруіне  көмегін тигізеді деп  үміттенеді.

Соңғы жаңалықтар