Шымкентте қуатты электр стансаларының құрылысы жүргізілуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте сапалы электр қуатын беру үшін электр стансаларының құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі Ерлан Айтахановтың айтуынша, 3 қосалқы стансаның және 13 елді мекенде электр желісінің құрылысын аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлан Айтахановтың айтуынша, бүгінгі таңға қала аумағындағы 35 елді мекенде электр сапасы төмен. Келесі жылы аталған жобаларды іске асыру арқылы 40 мыңға жуық қала тұрғыны сапалы электрмен қамтылады деп күтілуде.

«Газбен қамтуға келетін болсақ, қолданыстағы 2 АРГС-тің қуаттылығы жетіспейді. Қосымша 250,0 мың м3 сағатына құрайтын №3 АГРС салу қажет. Бүгінгі таңда, №3 АГРС құрылысының жұмыстары басталды. Табиғи газ қысымын көтерудің баламалы жолдары қарастырылып, келесі жылы «Сапақ Датқа» ауылынан ұзындығы 13,5 км, қуаттылығы сағатына 25,0 мың м3 құрайтын магистралды газ құбырын салу жоспарлануда. Бұл қаланың 2-3 жылдық қажеттілігін толық жабады»,- дейді Ерлан Айтаханов.



Соңғы жаңалықтар