Шымкентте қойма шатыры өртенді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында «Визит» ЖШС-ның аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТЖД сілтеме жасап.

«2 тамызда сағат 11:07-де Төлеби көшесі бойында орналасқан «Визит» ЖШС-ның аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Анықталғандай, алкогольсіз сусындарды сақтауға және өндіруге арналған жалпы көлемі 2430 ш.м. құрайтын қойманың шатыры өртенген. Қойманың қабырғалары сэндвич, шаттыры темір тордың негізінде профнастил. Сағат 12.20-да аумағы 300 ш.м. құрайтын шатыр құлады. Өрттің жалпы көлемі 750 ш.м. Жалынды сөндіруге 21 техника мен 89 қызметкер жұмылдырылды», -делінген хабарламада.


Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар