+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Шымкентте ковидтен көз жұмғандар вакцина қабылдамаған - басқарма басшысы

2021 жылғы 21 шілде 21:28
Бөлісіңіз:
Шымкентте ковидтен көз жұмғандар вакцина қабылдамаған - басқарма басшысы

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте эпидемидемиялогиялық ахуал күннен-күнге күрделеніп келеді. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 пандемиясына қарсы күреске арналған Жаһандық саммитте сөйлеген сөзі Батыс Қазақстанда егілуге тиісті тұрғындардың 60 пайыздан астамы вакцина алды Павлодар облысында вакциналау деңгейі қандай

Қаланың бас дәрігерінің сөзінше, шаһарда жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 240 адам адам қайтыс болған. Ал, қауіпті инфекция жұқтырып көз жұмғандардың ешқайсысы коронавирусқа қарсы вакцина алмаған.

«Өткен тәуліктің өзінде ковидке шалдыққан 412 науқас анықталған. Қазір инфекциялық стационарда 1774 адам ем алып жатыр. Оның ішінде 166 науқас жан сақтау бөлімінде жатса, 64-нің жағдайы ауыр халде», - дейді Б.Позилов.

Қазір қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеуге арналған үш мыңға жуық төсек-орын бар. Эпидемиялогиялық жағдай өршуіне байланысты инфекциялық төсек орындар саны күннен-күнге саны көбейтілуде. Жалпы жыл басынан бері ковид жұқтырған 13 109 науқас тіркелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT