Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.87 EUR 422.40
RUB 5.87 CNY 54.85
Jańalyqtar

Шымкентте Қошқар ата өзенінде балық қырылуда: Қылмыстық іс қозғалды

2019 жылғы 18 сәуір 20:52 459
Бөлісіңіз:
Шымкентте Қошқар ата өзенінде балық қырылуда: Қылмыстық іс қозғалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі Шымкент қаласының Қошқар-ата өзенінде балықтардың қырылу себебін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тельман шағын ауданы Молдабаев көшесі бойындағы канализациялық қалдықтарды ағызу орнынан төменде орналасқан Қошқар ата өзенінде шамамен 20 өлі балық табылды. Балықтардың қырылу себебін анықтау мақсатында мамандар Қошқар-ата өзенінің 9 жерінен судың сынамасын іріктеп алды. Өзенге Ордабасы алаңындағы нөсерлік ағындар, Ордабасы алаңындағы ауданда «Іңкәр» дүкеніне жақын маңындағы құбырдан ағын, Тельман шағын ауданы №1 Темірлан көшесіндегі «Юг-Строй 2030» ЖШС аумағына жақын жерде ағынның (кәріз құдығынан судың асып төгілуі) құйылатыны анықталған. Нәтижесінде, химиялық құрамын анықтау үшін өзеннің осы учаскелерінде ағынды сулардың сынамалары іріктеліп алынды», - деп хабарлады Энергетика министрлігінен.

Зерттеу нәтижесі бойынша қалдықтар ағызылатын орыннан төменде орналасқан ирригациялық жүйелерде және Қошқар ата өзенінің Ордабасы алаңындағы «Іңкәр» дүкені жанындағы құбырда, сондай-ақ Тельман шағын ауданының №1 Темірлан көшесіндегі «Юг-Строй 2030» ЖШС аумағына жақын жердегі құбырда концентрацияның шекті нормадан (КШН) артуы анықталған.

«Қалған жерлерде КШН-ның артуы анықталмады. Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының  қызметкерлері балық етіне ихтиологиялық сараптама жүргізді. Оның нәтижелері бойынша уытты заттар, паразиттік және жұқпалы аурулар анықталмады. Қазіргі уақытта, ішкі істер органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 328-бабының 2-бөлігі (Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу) бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.

Балықтардың індет себептерін жан-жақты анықтау мақсатында Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің бастамасы бойынша жұмыс тобы құрылды. Қошқар ата өзеніне канализациялық ағындарды ағызу фактісіне қатысты Экологиялық кодекс талаптарының сақталуы бойынша «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС-ға тексерулер жүргізу шешімі қабылданған.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT