Шымкентте қос өкпесі қабынған жүкті әйел жазылып келеді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте қос өкпесі қабынған жүкті әйел жазылып келеді. 31 жастағы Гүлжауһар Кунзубаеваның өкпесінің 80 пайызы қабынып, ауыр халде Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына түскен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер жүкті келіншекті бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Оның қанындағы оттегі мөлшері тым аз болғандықтан, 15 күн бойы өкпені желдету аппаратына қосылған. Осы уақыт ішінде жансақтау бөліміндегі мамандар шаранасы бар әйелдің саулығы үшін күресіп, оң нәтижеге қол жеткізген. Жүкті әйелдің денсаулығы он алтыншы күні жақсарып, палатаға ауыстырылған. Соңғы бір айдан аса уақыттан бері Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасындағы дәрігерлердің бақылауында.
Мамандар әйелдің және іштегі сәбиінің жағдайы жақсы екенін айтуда.
«Науқас 6 шілде күні ауруханаға түскен. Қазір 29 апталық жүктілік мерзімінде. Құрсағындағы баланың жағдайы да жақсы. Бүкіл хаттама бойынша ем алуда. Енді антибиотиктерін азайтып, отегісіз дем алуды үйретіп жатырмыз» - дейді дәрігер-гинеколог Нұржамал Көшенова.
Бүгінде аяғы ауыр келіншек өздігінен тыныс алып, денсаулығы жақсарған. Ол қауіпті дерттен өзін аман алып қалған дәрігерлерге ризашылығын білдіруде.
«Қазір жағдайым жақсы, маған дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлерге алғыс айтамын. Әрдайым күлімдеп, жанымды жылы сөзбен емдеген медицина мамандарына ризашылығымды білдіремін», - дейді Гулжауһар Күнзубаева.
- Атырау облысында бір тәулікте 111 адам коронавирусқа шалдықты
- Алматыда дәрігерлер қатерлі ісігі бар 81 жастағы науқастың өмірін құтқарып қалды
- Атырау облысында кәсіпкер тегін медқызметтерге бөлінген қаражатты жымқырған
- Коронавирус: Нұр-Сұлтанмен қатар 6 облыс әлі де «қызыл» аймақта тұр
-
Ералы Тоғжанов Қордай ауданында вакцина шығаратын зауыттың құрылысымен танысты
-
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 50 адамның жағдайы өте ауыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам