Шымкентте қос бірдей балаларды оңалту орталығы ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкентте қос бірдей балаларды оңалту орталығы ашылды. Сауықтыру мекемелерінде тірек қимылы бұзылған балалар емделетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ендігі жерде  жарымжан балалардың  ата-аналары перзенттерін емдету үшін Астана мен Алматыға сабылмайтын болды.  Орталықтардың бірі  бұрынғы «Қарлығаш» балалар санаторийінің базасында ашылды. Ғимарат бір мезетте 100 науқасқа қызмет көрсетеді. Мұнда 3 жасқа дейінгі бөбектер ем қабылдай алады. Қазірдің өзінде орталықта өңірдің барлық аудандарынан келген церебральді сал ауруы диагнозымен есепте тұрған балалар ем қабылдауда. Олар жылына екі ретке дейін  25 күн осында сауығуына жағдай жасалған. Ал, екінші орталық 3 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған. 100 науқасты емдеуге қауқарлы мекемеде балалардың тірек қимыл жүйесінің жұмысын жақсарту үшін ЛОКОСТЕЙШН роботтандырылған құрылғысы қойылған. Сонымен бірге, балалар үшін түрлі минералдар қосылған емдік бассейн жұмыс істейді.

Айта кетейік, облыста 2,5 мыңдай бала жүйке-тірек қимылының бұзылуына байланысты ем қабылдау кезегінде тұр. Ал, жаңадан ашылған нысандар осы қажеттілікті өтемек. 

Соңғы жаңалықтар