+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Шымкентте  коронавирустан 3,3 мың науқас емделіп шықты

2020 жылғы 5 тамыз 15:55
Бөлісіңіз:
Шымкентте  коронавирустан 3,3 мың науқас емделіп шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында коронавирустан 3 357 науқас емделіп шыққан. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кезекші сыныптар балалардың коронавируспен ауыруына ықпал етті ме БҚО-да жаназаға барған ауыл мұғалімінен коронавирус табылды Олардан үлгі алмаңыздар – Сәдуақас Байғабылов әуежайдан қашып кеткен екі жолаушы туралы

Тимирхан Варзиловтың айтуынша, кеше қалада 43 науқас қауіпті дерттен айыққан.

«5 тамыздағы эпидахуал бойынша - 5025 COVID-19 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2 572 симптомдық, 2 453 симптомсыз. Өткен тәулікте қауіпті вирусты 14 адам жұқтырған. Қазіргі таңда індеттен емделіп шыққан науқастардың саны – 3 357 болып отыр. 1 629 науқас емделуде, оның ішінде 94-і стационарда ем қабылдауда» - деді Т. Варзилов.

Спикер сонымен қатар ыл басынан бері 5 тамызға дейін пневмонияның 14 312 жағдайы тіркеліп, 10 962 науқас емделіп шыққанын айтады.

«Провизорлық және инфекциялық стационарлар бойынша айтар болсақ, бүгінде қалада 2 810 төсек-орын бар (инфекциялық төсек - 650, провизорлық төсек – 2 160). Оның ішінде бос төсек-орын саны 2 087. 211 мобильді топ ұйымдастырылып, олар 17 820 науқастың үйіне барып медициналық қызмет көрсеткен.

Әр емханаға қосымша бір топтан жедел жәрдем көлігі жеткізілген. 53 182 адам дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, тегін берілетін дәрілік заттарды медицина қызметкерлері үйлеріне жеткізіп берген. Қазіргі уақытта дәрігерлер 1430 платформасы арқылы онлайн кеңес беріп, онда 720 дәрігер тіркелген»,- деді Тимирхан Варзилов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT