+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Шымкентте коронавирус жұқтырғандардың қатарында 13 жастағы жасөспірім бар

2020 жылғы 8 сәуір 23:40
Бөлісіңіз:
Шымкентте коронавирус жұқтырғандардың қатарында 13 жастағы жасөспірім бар

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте соңғы тәулікте тағы үш адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Дәрігерлер науқастардың қатарында 13 жастағы жасөспірім бар екенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдағы шалғай ауылдарға «Таза жүрек» денсаулық керуені аттанды Тараздық дәрігерлер эндопротез қоюдың жаңа түрін ойлап тапты Нұр-Сұлтанда 18 оқушы коронавируспен ауырды – Білім басқармасы

Қалалық төтенше жағдайлар штабының мәліметінше, қауіпті індет жұқтырғандардың барлығы да бұған дейінгі науқаспен қарым-қатынаста болған. Олар карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.

«Бір науқас 2006 жылы туған жасөспірім болса, екеуі 1967 және 1971 жылы туған әйелдер. Диагностикалық зерттеу қорытындысы олардан COVID-19 вирусын анықтады. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шымкентте COVID-19 коронавирустық инфекциясына шалдыққан адамдардың саны 23-ке жетті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT