+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Шымкентте коронавирус жұқтырған жүкті әйел індетті жоққа шығаратындарды сақтануға шақырды

2020 жылғы 29 мамыр 01:42
Бөлісіңіз:
Шымкентте коронавирус жұқтырған жүкті әйел індетті жоққа шығаратындарды сақтануға шақырды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте коронавирус жұқтырған жүкті әйел алғаш рет сұхбат беріп, басынан өткен жағдайды баяндап берді. Екі баланың анасы аурудың бар екеніне сенбейтіндерді салғырттық танытпауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық дипломаттар дәрігерлерге қолдау көрсетеді Махамбет Досмұхамбетов коронавирус жұқтырғандардың жағдайын білді Елордада дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендермен күрес күшейеді

Қауіпті дертке шалдыққан жүкті әйел отбасымен бірге оқшауланып, ауруханада екі аптадан аса ем қабылдаған. Кейін тағы 15 күндей үй карантиніне жатқызылған. Үшінші перзентіне жүкті келіншек бір ай бойы қауіпті індетпен алысқанын айтады. 36 жастағы Ирина бүгінде ай күні жақындап қалған. Оған инфекция күйеуінен жұққан. Сонымен қатар екі баласынан да вирус анықталып, бүкіл отбасы мүшесі оқшауланған. Емдік шараларын жүргізу үшін дәрігерлер бір жанұядағы науқастарды провизор станционарына жатқызған.

«Ауруханаға түскенде кішкентай балаларымыз арнайы кастюмдегі дәрігерлерді көргенде қорқып кетті. Осы кезде біз баларымызға қарап, әкесі екеуіміз мықты болуға тырыстық. Уақыт өте келе қауіпті дертті жеңіп шықтық. Мен жүкті болғандықтан, дәрігерлер менің және іштегі шаранамның жағдайын ерекше бақылап отырды. Ең бастысы, инфекция ішімдегі балаға әсер етпепті», - дейді Ирина.

COVID-19-дан жазылып шыққан келіншек қазір балаларына барынша көңіл бөліп жүр. Бір сәт болсын, бала-шағасын қараусыз қалдырғысы келмейді. Отбасы қауіпті індеттен толығымен айығып шыққанымен, келіншектің үрейі әлі басылмаған.

«Біз коронавирустан жазылып шықтық. Бірақ ауруханадағы карантиндік жағдайды ойласам, үрейленген кезім бірден есіме түседі. Кішкентай балалармен жан жағы жабық төрт қабырғаның ішінде жату қиын болды. Бұл жағдайды бастан өткізбей, ешкім түсіне алмайды. Аурудың бар екеніне сенбей жүрген азаматтарға айтарым, салғырттық танытпаңыздар. Өзіңізді ойламасаңыз да, басқаларға зияныңыз тимесін», - дейді Ирина.

Қала бойынша ол сияқты жүкті әйелдердің арасында індет расталған 15 жағдай тіркелген. Елімізде төтенше жағдай режимі алынғанымен, Шымкентте инфекцияға шалдыққандардың саны күн санап артып барады. Мамандар мұның себебін жоспарлы тескерумен байланыстырады.

Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкентте вирусты инфекцияны жұқтырудың 730 жағдайы тіркелген. Дертке шалдыққандардың басым бөлігі 50 жасқа дейінгі азаматтар. Ал COVID-19 диагнозын жеңіп шыққандар саны 241 адамға жетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT