Шымкентте коронавирус туралы ақпарат тарататын арнайы сайт ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте коронавирус туралы нақты ақпарат тарататын арнайы сайт ашылды. Мұнда қала тұрғындары КВИ бойынша жедел статистикамен танысып, тиісті ақпараттар ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимур Варзиловтың айтуынша, аталған сайтта COVID-19, пневмония және ЖРВИ-мен ауыратын науқастар саны мен тәулік ішінде ауруханаға түскен, жазылып кеткен шыққан науқастар жайлы ақпарат жарияланады.

«Тұрғындар COVID-19 бырыңғай ақпараттық порталына кіріп ауруханаларда және провизорлық орталықтардағы жансақтау бөліміндегі төсек-орындардың науқаспен қамтылу деңгейін көре алады. Ресурста ақпараттар күн сайын жаңартылып отырады. Сонымен қатар онда дәрігерлер қатысатын бейне-брифингілер өткізіліп, аурудың алдын алу, оның белгілері және сақтану ережелері туралы мағлұмат беріледі. Сондай-ақ сайтқа кіре отырып, медициналық мекемелер мен провизорлық орталықтардың мекен-жайлары мен телефондары туралы ақпаратты табуға болады»,- деді Тимур Варзилов.


Соңғы жаңалықтар